Русский English

«Lab of the Future» компаниясы туралы

 

Біздің лабораториямыз бар болғаны XXI ғасыр ақпараттық технологиясындағы еңбекші топ. Біз жаңа идеяларды іздестірумен және соларды күнделікті өмірімізге енгізу жұмыстарымен айналысамыз. Қазіргі таңда біз іскерлік өмірдің көптеген салаларын қамтитын шешімдермен айналысамыз. Біз нарықтың қажеттіліктерін әрдайым талдай отыра, бизнесті жүргізуді автоматтандыруда программалық қамтамасыз етудің даму үрдістерін болжауды да үйрендік. Осының нәтижесінде біз өз тапсырыс берушілерімізді сенімді және заман талабына сай шешімдермен қамтамасыз еттік, осы шешімдер жұмыстың көптеген көрсеткіштерін арттыруда маңызды орын алады.

 

Біз сіздердің жұмыс процесстеріңізді реинжинирингтеу, әр түрлі ақпараттық жүйелерді біріктіру, барлық түрдегі программалық қамтамасыз етулерді жасау қызметтерін ұсынамыз. Бізден ақпараттық технологиялардың әр түрлі саласынан берік тәжірибе мен жоғары деңгейдегі кәсіпқойлықты таба аласыздар. Біздің тобымызда сертификатталған мамандар мен кәсіпқой менеджерлар жұмыс жасайды. Біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі жұмыстың жылдамдығын, сапасы мен ыңғайлы болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, өз шешімдерімізді пайдаланатын бизнестің салаларын іздестіру болып табылады. Қарапайымдылық – кез-келген сәтті жүйенің негізгі кілті екенін ескере отырып, күнделікті жұмыста және үйренуге жеңіл оңай әрі өзекті шешімдерді пайдалануға тырысамыз.

 

Қазіргі таңда біз төмендегідей бағыттарды меңгердік:

  • Құжат айналымы жүйелерін әзірлеу;
  • Кадрлық іс жүргізушілік жүйелерін әзірлеу;
  • ERP жүйелермен байланыстыру;
  • Аутсорсинг;
  • ISO стандарттарының сапасына сай ендірілетін шешімдерді жеткізу.

Сонымен қатар Lab of the Future IBM-нің (Lotus Domino/Notes), Microsoft (Windows, Office), Kapsersky Lab, Doctor Web, Eset(Nod32), Avast лицензиясы бар программалық қамтамасыз ету шешімдерін ресми жеткізуші болып табылады.

 

"Lab of the Future" ЖШС-гі IBM-нің бизнес-серіктесі болып табылады және «Программалық қамтамасыз етуді сатушы – 2 деңгей» статусына ие      ол IBM-нің өнімдерін сатуға мүмкіндік береді. Компания IBM-нің келесі сатушы топтарының өнімдерін тарату үшін авторланған:

IBM Collaboration Solutions Messaging and Collaboration Product Group
IBM Collaboration Solutions Social Software and Unified Communication Product Group

 

"Lab of the Future" –  IBM - Software Value Plus (SVP) серіктестік бағдарламасына қатысушы болып табылады және IBM-нің программалық технологияларын проектілеу мен ендіруде жоғары біліктілікке ие.