Русский English

4MS enterprise

 

 «4ms Enterprise» - кез-келген компанияның жұмысын толықтай басқаруға арналған 6 қосымша программалардан тұратын, NextBase платформасының негізіндегі аппаратты программалық жиынтық (АПЖ) болып табылады.

Басты мүмкіндіктері:
- компанияның барлық құжаттарын тіркеу, сонымен қатар кіріс және шығыс корреспонденциясы, ішкі құжаттар, ұйымдастырушылық - өкімдік құжаттар және т.б.;
- барлық құжат түрлерінен тапсырыстар, резолюциялар және оларға жауап қайтару мүмкіндіктерін тіркеу;
- құжаттар мен резолюциялардың орындалуын қадағалау;
- құжаттарды дайындау және мәміле;
- жобаларды жүргізу;


Артықшылықтар:
Қолайлылық. 4ms workflow бағдарламасының NextBase негізіндегі құжат айналымы, тіпті компанияның динамикалық түрде дамып отыруына қарамастан ұйым қызметкерлерінің күнделікті қолданысына бейімделген. Жүйе потенциалы сіздің қызметкерлеріңіздің жаңа мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне бейімделуіне мімкіндік береді.


Дайындық. NextBase негізіндегі «4ms workflow» блогы толығымен дайын өнім. Жүйе мекемеде бір жұмыс күні ішінде бір техникалық маманмен жүзеге асырылады. Алдын-ала немесе қолданыс кезінде құжаттардың қосымша бір түрлері қосылуы мүмкін, олардың жүйеде автоматты түрде айналуының регламенті құрылуы немесе анықталуы тиіс.


Сенімділік. Жеке  компонеттер құру барысында архитектура жүйенің сенімді жұмыс істеуін біртұтас қамтамасыз етеді. Мониторингтің автоматты құралдары мен шиеленістердің шешілуі қолданушыларға үздіксіз қызмет көрсетуді ұйғарады.


Ашықтық. Порталдармен, басқа жүйелермен, арнайы бағдарламалармен және құрылғылармен оңай бірігеді. Кәсіпорында қандай да бір шешімдер қабылданса да, қолданыстағы платформа бірегей ақпараттық кеңістікті тез әрі оңай құруға мүмкіндік береді.


Құрылым модульділігі. Модульділік – жүйе құрылымы архитектурасының негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Құжаттарды автономды түрде есепке алатын әрбір бөлімше іс-қағаздарының (модуль) автономдық жүйесіне ие бола алады.Кейін бастапқы айырбас функциясының көмегімен осы модульдер бір-бірімен бірігеді. Модульділік бірлескен жүйелерді бөлек-бөлек енгізуге мүмкіндік береді.


Баптаулар икемділігі. Белгілі бір ұйымдағы іс-қағаздар талаптарына сәйкестендіріледі; электрондық құжаттар мен мәліметтерге, сондай-ақ осы мәліметтер операциясына шек қойылмайды.


Осы функционалдық мүмкіндіктер мен артықшылықтар төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:


   Басқару сапасын арттыру
   Қызметкерлер жұмысы біршама нәтижелі
   Бөлімшелер мен бөлімдер өзара шапшаң әрекетінің схемасын құру
   Шығынды төмендету
   Аналитика құру
   Бірлескен деректерге шек қоймау


Қолданысы


4ms workflow ЭҚА-ның басты қолданысы – электрондық құжаттарды сақтауды ұйымдастыру, сондай-ақ олармен жұмыс (әсіресе оларды атрибуттар мен құрамы бойынша іздеу).


ЭҚА-да құжаттардың мазмұнының өзгеруі, құжаттарды жүзеге асырудың мерзімдері, құжаттардың ілгерілеуі, сонымен қатар, олардың түрлі нұсқалары автоматты түрде қадағаланып отырады. 4ms workflow-дың ЭҚА кешенді бағдарламасы кәсіпорын немесе ұйымның  бүкіл іс-қағаздарын қамтиды – құжат жасауға қойылатын  талаптардан бастап оның архивке жіберілуіне  дейін, кез-келген форматтағы құжаттарды, сондай-ақ күрделі қиысты құжаттарды бірге сақтауды қамтамасыз ету. 4ms workflow ЭҚА-ы аумақтық жойылған кәсіпорындардың жекелеген құжаттар ағымын бір жүйеге келтіреді. 4ms workflow бағдарламасы құжаттардың орындалу бағыттарын қатал түрде және құжаттарды еркін бағыттауды икемді басқаруды қамтамасыз етеді. 4ms workflow-да ЭҚА пайдаланушылардың міндеттері мен лауазымдарына және олардың өкілеттіктеріне қарамастан түрлі құжаттарды қолдануларына қатал шек қойылған. Сонымен қатар, 4ms workflow ЭҚА ұйымдық-штаттық құрылым мен кәсіпорын құжат айналымының жүйесіне жүгінеді, сондай-ақ бірлескен жүйелермен интегралданады.


4ms workflow ЭҚА-ның басты қолданушылары орта және ірі көлемді қызметі және құжат сақтау орны бар шағын және ірі мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, банктер, шағын және ірі өндірістік кәсіпорындар және т.б. құрылымдар болып табылады.


Өніммен толықтай танысу үшін http://4ms.kz сайтына кіріңіз.

Презентацияға тапсырыс

4MS Enterprise доверяют:

История номер 1

Небольшое превью истории успешного использования

История номер 2

Небольшое превью истории успешного использования

История номер 3

Небольшое превью истории успешного использования