Русский English

NEXTBASE FRAMEWORK

 

   Компаниямыздың көпжылдық жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, өзінің жұмыстарында ашық кодты программалық платформа NextBase framework-ты (сілтеме http://sourceforge.net/projects/nextbase/) пайдалану туралы шешім қабылданды, ол біздің талаптарымызға барынша сәйкес келеді. NextBase-те бірнеше тұжырымдама орындалған және олар келесідей:

 

  • Мәтін, сан және басқа қарапайым стандартты мәліметтер тиімен қатар, платформа белгілі бір өрістері бар объектілерден тұрады. Бұл объектілер өзара байланысқан операцияларды орындайды және бизнеске бағытталған бағдарламаларды программалауды оңайлататын бірыңғай бизнес-модулдер болып табылады. Мысалы, Бақылау, Келісім блогы, Байланысқан құжатқа сілтеме және т.б. объектілер бар. Осындай бизнес-объектілердің жиынтығы автоматтандырудың көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
  • Құжаттардың жеке қолданушы мен құжат дәрежесінде оқу және редакциялау праволарын ажырататын мүмкіндіктері бар.
  • Байланысты құжаттардың ағашқы ұқсас құрылымы бар, одан байланыстылықты және хронологияны байқауға болады
  • Платформада “Форма” түсінігі қарастырылады. “ Форма ” құжатты басып шығаратын үлгі болып табылады. Ол құжат өрістерін басып шығаруға мүмкіндік береді және лезде көрініс тәсілін табады немесе басқа құжаттардан түсіндірмелер сұрайды. Құжаттың сансыз “ Формалары” болуы мүмкін.
  • Бизнес-логика XML-файлдары ретінде белгілі және олар ережелерде берілген.
  • Жалпы икемділік үшін өзіндік ыңғайлы моделі бар Groovy бағдарламасының негізінде жасалған ішкі тілдік бағдарлама жасайтын құрылғыны қолдана алады.
  • “View”  компонентінде xsl-өзгертулері бар,  кейін оларды HTML беттеріне тасымалдау үшін XSLT –процессорлары қолданылады, бұлар  MVC-ді жүзеге асыру үшін қолданылады. Бұл (“Skin”) бағдарламасын дайындау үшін бір уақытта бірнеше нұсқаларды қолдануға мүмкіндік береді.
  • Түрлі интерфейс тілдері бар


Қосымшалар сервері
Платформаның сервері жүйенің жұмыс жасауын қамтамасыз ететін web-серверден, МҚ-ның орнықтырылған серверінен және басқалардан тұратын java-қосымшасы болып табылады. Серверде бір мезетте бірнеше тәуелсіз қосымша жұмыс жасауы мүмкін, олардың әрқайсысы жеке өздерінің немесе жалпы МҚ-рын пайдаланады.
Қосымшалар оның жұмыс жасауына қажетті параметрлері бекітілетін ережелерде сипатталған: атауы, қолданатын мәліметтер қоры, порттары және т.б. Қосымшалардың санына байланыссыз, серверде әрдайым әкімшілік порталы бар. Оның көмегімен жүйе пайдаланушыларын басқаруға болады, қосымшаларды көруге, МҚ мен web-сервердің жағдайын бақылауға болады. 

Бизнес-ақпаратты логикалық сақтау бірлігі – Құжат.
Қосымша жұмыс жасаған уақытта мәліметтермен әр түрлі операциялар орындалады. Мәліметтер құжаттар түрінде сақталады. Құжаттармен орындалатын барлық әрекеттер МҚ деңгейінде пайдаланушыларға белгісіз протоколданады. «Оқылуы туралы белгі» жұмысы да протоколдану кезінде есепке алынады. «Құжат» - құрылымы қатал емес құжат болып табылады (ары қарай құжат). Құжат өзінің жұмыс жасауы барысында типтері әр түрлі болуы мүмкін және түрлі өрістерден тұруы мүмкін. Бұл іс жүзінде мәліметтердің кез-келген типін сипаттауға мүмкіндік береді. Өрістердің саны мен олардың типтері форманы сақтау кезінде немесе программалық жолмен берілуі мүмкін. Өрістерді құжаттың өмірлік циклі барысында қосуға немесе жоюға болады. Құжаттың әрдайым оқушылар мен редакторлар тізімі болады. Сонымен қатар құжат «ішкі құжат» немесе «басты құжат» болуы мүмкін. Осындай байланыстар кейіннен иерархиялық құрылым түрінде сипатталуы мүмкін.    

 

Ену құқықтарын үлестіру
Құжаттың оқушылар, редакторлар, пайдаланушылар тізімі бар. Құжаттың өмір сүруі барысында осы тізімдер өзгеруі мүмкін. Сөйтіп, әр түрлі кезеңде осы құжатты белгілі бір пайдаланушылар ғана қолдана алады. Тізімдер формаларда сипатталуы мүмкін немесе программалық жолмен өзгеруі мүмкін. 

 

«Форма» объектісі
«Форма» - құжаттарды құруға және көрсетуге мүмкіндік беретін объект болып табылады. Құжаттар жүйеде «Форма» арқылы жарияланады. Объект өрістерді көрсету, сақтау әдістерінен тұрады. «Форма»-ның «Оқиғалары» болады.

 

 «Бет» объектісі
«Сұраныс» - көптеген іс-әрекеттер орындайтын объект болып табылады. «Бет» объектісінің ерекшелігі – беттер бір-біріне кіріктірілген болуы мүмкін және үш деңгейде кэштеледі – Сервер, Қосымша және Пайдаланушының сессиясы деңгейлерінде. 
 

«Өңдеуші» объектісі
Бизнес-логикаға қажетті мәліметтерді кесте бойынша өңдеу үшін «Өңдеуші» объектісі қолданылады. «Өңдеушіде» программалау арқылы жүйенің мәліметтерімен әр түрлі іс-әрекеттер орындалады, сонымен қатар: басқа өңдеушілерді шақыру, хабарламаларды тарату.

 

Сценарийлер тілін қолдау
Әр түрлі қосымшаларда икемділік үшін жүйеде Groovy сценарийлер тілін пайдалану келісілген. Тілдің синтаксисі қарапайым әрі қол жетімді және қосымшалардың логикасын ыңғайлы объектілі моделді пайдалану арқылы программалауға мүмкіндік береді.

 

 MVC жүзеге асыру
MVC-дің архитектурасына сәйкес, жүйеде «модель» XML-құжат түрінде берілген, ол кейіннен XSLT арқылы қажетті сыртқы бейнеге ие болады. «Моделдің» форматы мен тәртібі «Форма», «Бет» деген арнайы объектілермен бекітіледі. Бұл объектілер кейбір жағдайларда мәліметтер қоры мен қосымша арасындағы байланыстырушы болып табылады. Объектілер XML-файлдары ретінде берілген ережелерде сипатталған. Мәліметтердің моделі тұрақты, ал бейнелену әдісі XSLT арқылы берілетін болғандықтан, XSLT-тың әр түрлі жинақтарын пайдалану мүмкіндігі бар. Оларды өзара ауыстыра отырып, қосымшаның сипатталу әдісін өзгертуге болады («skins»). Өзіндік XSLT-файлдарды қосу мүмкіндігі қарастырылған. Ол пайдаланушының қалауымен, стилі мен дизайнына қойылатын корпоративті талаптар бойынша құрылуы мүмкін.  XSLT-файлдардың жиынтығын жасауды әр түрлі дизайнерлік студияларға немесе тапсырыс берушінің IT-бөлімшелеріне беруге болады.

 

Бірнеше интерфейс тілдері
Жүйеде көптеген интерфейс тілдерін пайдалану мүмкіндігі бар. Сөз-элементтер (captions) сөздіктерде сипатталған және моделдің бір бөлігі болып табылады (MVC архитектурасы). Сәйкесінше, жергілікті сөз-элементтердің бейнеленуі XSLT-де тапсырылады және ол белгілі бір тілге бекітілмеген. 
 

Әр түрлі RDBMS қолдау
Жүйеде «үндеместік бойынша» PostgreSQL – мәліметтерді басқарудың тегін жүйесі қолданылады, ол бір дистрибутивте жеткізіледі және орташа кәсіпорын мен шағын кәсіпорынның қажеттіліктерін өтей алады. Одан да кеңірек мүмкіндіктер үшін болашақта MSSQL, Oracle және DB2 мәліметтер қорларын пайдалану жоспарлануда.

Платформаның негізгі артықшылығы  - Open Source лицензиясы бар өнімдерді пайдалану, олардың бағасы функционалдық мүмкіндіктеріне сай.
 

NextBase Framework платформасы келесідей мүмкіндіктер береді:
•    Ережелер немесе дескрипт-құжаттарды пайдалану арқылы архитектура мен технологияның икемділігі;
•    Java және Groovy программалау тілдерін бірге пайдалану әрбір жүйенің өзгеше тапсырмаларын шешуге мүмкіндік береді;
•    XLTS-файлдары жинағының көмегімен «скиндерді» сипаттау арқылы пайдаланушы интерфейсін таңдау мүмкіндігі;
•    Мультитілділік;


Орта және шағын бизнес, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарына арналып жасалған.

Презентацияға тапсырыс

4MS Enterprise доверяют:

История номер 1

Небольшое превью истории успешного использования

История номер 2

Небольшое превью истории успешного использования

История номер 3

Небольшое превью истории успешного использования